Accessibility links

Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағы экипажының соты сенбіге белгіленді


Таиланд астанасының әуежайында үлкен көлемдегі қарумен ұсталған Ил-76 ұшағы экипажының ісі бойынша келесі сот тыңдауы 26 желтоқсанға белгіленді деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін Таиланд билігі Қазақстанның экипажды кепілдікке босату туралы ұсынысын қанағаттандырмаған болатын.

12 желтоқсан күні Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының бортынан 35 тонна жарылғыш, реактивті граната және «жер-ауа» сипатындағы зымырандардың құралғылары табылды. Ұшақ экипажының төрт мүшесі - Қазақстан азаматтары.

Грузияда тіркелген ұшақ Украина-Солтүстік Корея-Украина бағыты бойынша ұшқан.
XS
SM
MD
LG