Accessibility links

Мысыр Германиядан Нефертити бюстін қайтаруды талап етеді


Мысыр Германиядан фараон Эхнатонның жұбайы – Нефертитидің бюстін қайтаруды талап етпек ниетте.

Ескерткіштерді қорғау жөніндегі мысырлық мекеменің басшысы Захи Хавасс Нефертити бюстін қайтаруды ресми түрде талап ететіндігін мәлімдеді. Оның айтуынша, ескерткішті шетелге шығару туралы құжаттардың жалған екендігі туралы мәлімет бар. Бұған дейін Мысыр париждік Луврдағы көне қабірдің ескерткіштерін еліне қайтарған болатын.

Осыдан 3 мың жыл бұрын жасалған әйгілі Нефертити ескерткіші қазір Берлиндегі Ескі мұражайда тұр. Ол Мысырдан 1913 жылы әкетілген.
XS
SM
MD
LG