Accessibility links

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Қазақстанда қазақ тілін үйренуге барлық жағдай жасалған


Қазақстанда қазақ тілін үйренуге барлық жағдай жасалған деп мәлімдеді мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Дүйсенбі күні парламент мәжілісінің үкімет сағатында сөйлеген Құл-Мұхаммед республикада биыл алты томдық жаңа сөздік жарық көргендігін, сондай-ақ қазақ тілінде салалық терминология анықтамасы бар екендігін атап көрсетті.

Министрдің айтуынша, қазақ тілін үйрететін аймақтық орталықтардың саны биыл екі есеге көбейген: қазіргі таңда орталықтардың саны 93-ке жетті.
XS
SM
MD
LG