Accessibility links

ОПЕК мәжілісі алдында мұнай бағасы Азияда 73 доллар болды


Анголада мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы - ОПЕК-тің сессиясы сейсенбіде ашылады. Онда мұнай өндіру көлемін былтыр бекітіліп, қазір шығарылып келе жатқан деңгейде қалдыру турасында шешім қабылдануы тиіс. Өткен жылы мұнай өндіру квотасы дағдарыстың салдарынан оның бағасының түсіп кетуіне байланысты қысқартылған еді.

Мұнайдың бір барреліне 75 доллар көлеміндегі қазіргі бағаны ОПЕК елдерінің көпшілігі қолайлы деп есептейді.

ОПЕК-тің сессиясы жақын арадан бері мұнай нарығында белді ойыншыға айнала бастаған африкалық мемлекет - Анголада бірінші рет өткізілгелі отыр.

XS
SM
MD
LG