Accessibility links

"Қазцинк" корпорациясының кен орнынан кеншілер эвакуацияланды


Шығыс Қазақстандағы "Қазцинк" корпорациясына қарасты Риддер-Сокол руднигі түтінге оранып, қауіпті бола бастағандықтан, түнгі ауысымдағы кеншілер жұмыс орнынан шығарылды деп хабарлаған Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қоқыстың тұтануынан түтіндеу түнгі үштің кезінде байқалған. Хабарларға қарағанда, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бұдан бұрын "Казцинк" корпорациясының Малеев руднигінде де осындай жағдай орын алған еді. 8 желтоқсан күні кен орнында пайда болған қошқыл түтін салдарынан 165 кенші эвакуцияланған болатын.
XS
SM
MD
LG