Accessibility links

Освенцимнен ұрланған жазу табылды


Польша полициясы өткен аптада Освенцим нацистік лагерінің қақпасынан қолды болған Arbeit Macht Frei («Еңбек бостандыққа жеткізеді») деген жазуы бар темір тақтайшаны тапқандарын хабарлаған.

Полиция өкілдерінің айтуынша, үш бөлікке бөлінген жазуы бар метал тақтайшаны олар Польшаның солтүстігінен тапқан. Күдікті бес адам ұсталған.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бір миллионнан астам адам- негізінен еврейлер азапталып өлтірілген Освенцим лагерінің қақпасындағы жазу Холокост символдарының біріне айналған.

Жазуы бар метал тақтайшаның ұрлануын Польшаның және басқа да елдердің ресмилері, еврей ұйымдарының өкілдері айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG