Accessibility links

Қарағандыда шахтерлер жаппай жұмыссыз қалғалы тұр


Жақын арада Қарағанды көмір өндірісі кәсіпорындарының 2,5 мыңдай кеншісі жұмыстан босатылады деп хабарлайды "ҚазТаг" агенттігі жергілікті кәсіподақ жетекшісіне сілтеме жасай отырып.

Агенттік: "Бізге еңбеккерлерді жұмыстан бостау жөніндегі бұйрықтарын үш шахта мен екі байыту фабрикасының, бір зауыттың басшылары жолдады. Жұмысшылардың өздері де босатылатындары туралы ескертулерді қолдарына алған. Бұл жерде әңгіме 2,5 мыңдай жұмысшы жөнінде болып отыр,-" деген "Гефест" көмір өндірісі кәсіпорындары қауымдастығының өкілі Николай Хариннің сөздерін келтірген.

Көмір өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы әзірге мұндай шараларға қатысты келісімдерін бермеген. Николай Хариннің айтуынша, кәсіподақ ұйымының екі ай бойына жұмыс берушімен келіссөздер жүргізіп, шешімді өзгертуге күш салуға құқы бар.

Кәсіподақ өкілінің сөзіне қарағанда, шахталар мен кәсіпорындардың жетекшілері еңбеккерлердің 30 пайызын ғана қалдырып, 70 пайызын қысқартып жібергелі отыр.
XS
SM
MD
LG