Accessibility links

Түркия ЕурОдаққа қарай шағын қадам жасады


Түркия қоршаған ортаны қорғау талаптарын жақсартуға бағытталған келісімдерін бастағандықтан, ЕурОдаққа бір қадам болса да жақындай түсті.

Министрлердің Брюсселдегі кездесуінде сөйлеген сөзінде ЕурОдақтың қоршаған орта комиссары Олли Рен "Түркияның ЕурОдақ поезы жол үстінде, ол алға жылжып келеді" деп атап көрсетті.

Бұл келісімдер Түркияның ЕурОдаққа мүшелікке өтініш бере алдында мақұлдануы тиіс 35 тараудың бірі. Тағы сегіз тарау Түркияның Кипрмен дауына байланысты тоқтап тұр.

Өзінің қоршаған ортаны қорғау талаптарын Еуропа деңгейіне жеткізу үшін Түркия бірқатар жаңа заңдарды қабылдауы керек.
XS
SM
MD
LG