Accessibility links

Қазақстан өз азаматтарының айыбы жоқ деп біледі


Қазақстан Таиландта ұсталған Ил-76 ұшағының ұшқыштары болған өз азаматтары кінәсіз деген бағытты ұстанады. Бұл жөнінде дүйсенбідегі брифингте Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлімдеді деп хабарлайды ИТАР -ТАСС агенттігі.

" Қазақстан ұшақтың жалдамалы жұмысшылары міндетін атқарған өз азаматтарының жазықсыздығы туралы айқын пікірде. Олар жалданбалы болғандықтан, тікелей міндеттерін ғана атқарған, халықаралық жүк тасымалы ережелеріне сәйкес, декларацияда көрсетілген анықтаманың шынайылығы мен жүк құрамы үшін жауап бермеген,-" деп атап көрсетті ресми өкіл.

Ашықбаевтың сөзіне қарағанда, түрмеде отырған азаматтардың жағдайларына қатысты Таиланд билігімен келіссөздер жүргізілуде. Елшілік өкілдері оларға дәрі-дәрмек пен басқа да қажетті заттарды жеткізіп беріп тұр, туған-туыстарымен байланыс орнатылған деді ол.

Қазір қамаудағы азаматтарды кепілдікке шығарып алу жолдары қарастырылуда екен.

Экипаж құрамында төрт қазақстандық және бір беларус азаматы болған, қару-жарақ тиеген Ил-76 ұшағы Бангкоктың Пхеньяннан ұшып келе жатып, Бангкоктың Дон Мыанг әуежайына жанар-жағар май құйып алу үшін қонған кезінде ұсталған болатын.
XS
SM
MD
LG