Accessibility links

Астанада Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша процесс басталды


Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық сотында бүгін Қазатомпром компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдаулары басталды. Бұл туралы Азаттық радиосына топ-менеджердің жұбайы Жәмила Жәкішева хабарлады.

Жәкішеваның айтуынша, сотқа Мұхтар Жәкішев және оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев қатысады. Сот процесін осы соттың төрағасы Нұржан Жолдасбеков жүргізеді.

Сот тыңдаулары жабық жағдайда өтіп жатыр, соған байланысты Жәмила Жәкішева өзінің сот залына жіберілмегендігін хабарлады.
XS
SM
MD
LG