Accessibility links

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк қайтыс болды


Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк, аса ауыр жарақаттың салдарынан, Алматыдағы ауруханалардың бірінде бүгін таңертең көз жұмды.

Павлюк 16 желтоқсан күні Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.
Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG