Қырғызстанның бірлескен халық қозғалысы журналист Геннадий Павлюкке жасалған қастандықты «арнайы ұйымдастырылған террорлық акт» деп есептейді.
Оппозициялық ұйым таратқан мәлімдемеде белгілі журналиске шабуыл жасау фактісін аса жайсыз әрі секем тудырарлық оқиға ретінде қабылдағандығы айтылған.
Геннадий Павлюк сейсенбі күні Алматы ауруханаларының бірінде көз жұмды.
Журналист өткен сәрсенбі күні Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.
Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.
Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілерді анықтағандығын хабарлады.