Accessibility links

Геннадий Павлюк өзінің өміріне қауіп төніп тұрғандығын сезген болуы мүмкін


Журналист Геннадий Павлюк Қазақстанға сапармен келерден бұрын, азаматтық некедегі жұбайы Ольгаға бір жағдай бола қалғанда, өзін Шолпан-Атаға жерлеуін сұраған. Бұл туралы Азаттық радиосына Ольганың өзі хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы уақыттары және Қазақстанға жол жүрердің алдында Павлюк осы өтінішін бірнеше мәрте қайталаған. Ольга журналистің нақты қандай қауіптен секем алғандығын, «өз өмірінің қауіпсіздігі үшін», айтудан бас тартып отыр.

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк, аса ауыр жарақаттың салдарынан, Алматыдағы ауруханалардың бірінде бүгін таңертең көз жұмды. Павлюк өткен сәрсенбі күні Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG