Accessibility links

Пәкістандағы баспасөз клубының маңында жанкештілік шабуыл тіркелді


Пәкістан полициясының хабарлауынша, сейсенбі күні Пешавар қаласындағы баспасөз клубының маңында жарылыс болды. Жанкешті ұйымдастырған шабуылдан екі адам қаза болып, төрт кісі жараланған.

Хабарларға қарағанда, қаза болғандардың арасында полиция күзетшісі де бар.

Соңғы уақыттары Пешаварда жарылыстар жиі болып жатыр. Бұл жағдай коалиция әскерінің Оңтүстік Вазаристан аймағында «Талибан» күштеріне соққы беруіне қарсы бағытталған шабуылдар ретінде қарастырылып отыр.
XS
SM
MD
LG