Accessibility links

Сербия президенті ЕурОдаққа қабылдау өтінішін бермекші


Сербия президенті Борис Тадич бүгін Стокгольмге барып, елдің ЕурОдаққа мүшелікке қабылдау өтінішін тапсырады.

Сербияның ЕурОдақа қатарына қабылдану үміті Босния -серб соғысы айыптыларының бірі ретінде күдіктелетін генерал Ратко Младичті ұстап бере алмаған соң үзіліп қалғандай еді.

Дегенмен де осы айдың басында ЕурОдақ министрлері Одақтың Сербиямен жақын қарым-қатынастар орнатуына, сауда келісімінің жасалуына кедергі келтірмейміз деп айтқан еді.

Одан бұрын БҰҰ-ның соғыс қылмыстары прокуроры Сербияның трибуналмен ынтымақтастығы артып келеді деп атап өткен болатын.

XS
SM
MD
LG