Accessibility links

Өзбекстанда оппозиция белсенділеріне қарсы шабуыл күшейіп барады


Халықаралық адам құқтары ұйымы - Human Rights Watch елде 27 желтоқсанда өтетін парламент сайлауы алдында өзбек билігі «саяси оппозиция өкілдері мен адам құқтарын қорғаушыларды қудалап, қысым жасауларын ұлғайта түсті» деген алаңдаушылықтарын білдірді.

Human Rights Watch-тың айтуынша, елде ондаған белсендіге сайлауға дейін үйлерінен ешқайда шықпау жөнінде ескертіліп, олар үй қамауына алынған.

Адам құқтары ұйымының мәліметінше, алты белсендінің төлқұжаттары уақытша тәркіленген, қамау орнында біреуі соққыға жығылған.

Human Rights Watch ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бойынша директоры Холли Картнер: «Сайлау алдындағы бұл басып-жаншулар, алдын-ала болжалғанындай, қорқынышты сипат алып барады» деп атап көрсетті.

XS
SM
MD
LG