Қытай Камбоджаға 850 миллион доллар қаржылай көмектің берілуінің осы аптада босқын мәртебесін сұраған 20 ұйғырдың елге кері қайтарылуымен ешқандай байланысы жоқ деп мәлімдеп отыр. Олар Қытайда шілде айында болған қантөгіс- қақтығыстардан кейін қашып барған мұсылмандар болатын.
Қытай сыртқы істер министрінің өкілі Жиаң Ю «Біз Камбоджаға ешқандай шартсыз-ақ көмек қолын созған болатынбыз»,- деп айтқан бүгін.
Камбоджа үкіметінің босқын ұйғырлардың бір тобын Қытайға қайтарғанына халықаралық адам құқтарын қорғаушылар наразылық білдіріп, Қытай билігі оларды азаптайды деген алаңдаушылықтарын айтқан еді.