Accessibility links

«Журналистер қауіп-қатерде» Павлюкті өлтіргендерді табуды талап етті


«Журналистер қауіп-қатерде» баспасөзді қорғау ұйымы қырғыз журналисінің Алматыда өлтірілуіне өз алаңдаушылықтарын білдірді.

«Біз Қазақстанның құқық қорғау органдарынан Геннадий Павлюкті өлтіргендерді ғана емес, сонымен бірге журналиске қастандық ұйымдастырғандарды, тапсырыс берушіні де табуын талап етеміз» делінген ұйым таратқан мәлімдемеде.

Қырғыз журналисі Геннадий Павлюк, аса ауыр жарақаттың салдарынан, Алматыдағы ауруханалардың бірінде сейсенбі күні таңертең көз жұмды. Павлюк 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG