Үлескерлер мен ипотека борышкерлерінің «Халыққа баспана қалдырайық» қозғалысының белсенділерін 16 желтоқсан күні Алматыдағы Республика алаңындағы акцияға қатысқаны үшін әкімшілік жазаға тартуы мүмкін. Бұл туралы Азаттық радиосына қозғалыс төрағасы Есенбек Өктешбаев хабарлады.
Оның айтуынша, сейсенбі күні түнде Бостандық аудандық ішкі істер басқармасындағылар қозғалыс белсенділерін 23 желтоқсан күні таңертең мекемеге келуін телефон арқылы талап еткен.
Бүгін аудандық полиция Өктешбаевтың қолына әкімшілік хаттама табыс етілді. Онда қозғалыс төрағасы 16 желтоқсан күні рұқсат етілмеген акция ұйымдастырғаны үшін әкімшілік сотқа тартылатындығы айтылған.
Полицияның бұл айыптауына келіспейтіндігін мәлімдеген Өктешбаев қалалық прокуратураға шағым түсірді. Арыз иесі «алаңдағы ескерткішке гүл шоқтарын қою заңсыздық емес, сол күні алаңда 1,5 мыңнан астам адам болды» деп жазған.
Алматы қаласы ауданаралық әкімшілік соты бұл істі бейсенбі күні қарайды.