Accessibility links

Сот залындағы Жәкішевке «жедел жәрдем» шақыртылды


«Қазатомпром» компанияның бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің ісі бойынша алдын ала сот тыңдаулары барысында топ-менеджерге «жедел жәрдем» шақырылды деп хабарлады айыпталушының адвокаты Нұрлан Бейсекеев.

Оның айтуынша, сот тыңдаулары өтіп жатқан кезде Жәкішевтің денсаулығы күрт нашарлады: оның қан қысымы көтерілген.

Бұл жағдайға қарамастан, Астанадағы №2 Сарыарқа аудандық сотының төрағасы Нұржан Жолдасбеков сот тыңдауларын айыпталушының қатысуынсыз-ақ жалғастыра беру туралы шешім қабылдады.

Бүған дейін адвокат Бейсекеев бұл істің Астанадағы аудандық сотта қаралуына күмән білдірді. Алайда сот төрағасы бұл өтінішті қанағаттандырған жоқ. Азаттық радиосына берген сұхбатында Бейсекеев аудандық соттың бұл жауабына Астана қалалық сотына шағым түсіретіндігін хабарлады.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG