Accessibility links

Ресей соты: Платон Лебедевтің қамалуы заңсыз болған


Ресейдің Жоғарғы соты түрмеде отырған бұрынғы мұнай алпауыты Михаил Ходорковскийдің әріптесі, 2003 жылы қамауға алынған Платон Лебедевтің қамалуын заңсыз деп тапты.

Жоғары соттың алқасы Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шығарған Платон Лебедевтің қамалуы мен соты алдында құқы бұзылған деген үкіміне байланысты отырыс өткізген еді.

Еуропалық сот шешімімен Ресей Лебедевке 10 млн еуро төлеп, заңбұзушылықты тоқтатуы керек болған.

Кезінде Ресейдің ең бай адам болған Ходорковский мен Лебедев салықтан жалтарды деген айыппен 8 жыл түрме жазасын өтеп жатыр. Оларға ақша жымқырды деген жаңа айыптар бойынша да сот процесі жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG