Accessibility links

5-ші қаңтарда Мұхтар Жәкішевтің соты жабық өтеді


“Қазатомпром” компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің сот процесі қаңтардың 5-де басталып, Бас прокуратураның ұсынысына қарамастан, жабық жағдайда өтеді.

Интерфакс ақпарат агенттігіне адвокат Нұрлан Бейсекеевтің хабарлауынша, Жәкішевтің ісі бойынша сәрсенбі күні өткен алдын-ала тыңдауда осындай шешім қабылданды.

Алдын-ала тыңдауларда қан қысым қатты көтерілген Мұхтар Жәкішев есін жоғалтып, ауруханаға түскен еді. Бірақ ол көп ұзамай ҰҚК-нің тергеу абақтысына әкетілген.

Азаттық радиосына оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдегендей, Жәкішевтің денсаулығы нашар деген дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, оны ҰҚК-нің төрт қызметкері ауруханадан шығарып алған.

Бейсекеевтің айтуынша, сот Жәкішевтің қатысуынсыз тыңдауларды жалғастыруға шешім қабылдады.

Жәкішевке ұйымдасқан топ құрып, мемлекетке ірі көлемде материалдық залал келтірді және мердігер кәсіпорын басшыларынан ірі көлемде пара алды деген айыптар тағылып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG