Accessibility links

Иранда полиция мен аза тұтушылар қақтығысты


Бүгін Иранда жексенбі күні қайтыс болған дисидент діндар Аятолла Хоссейн Али Монтазериді еске алу шарасы қарсаңында қауіпсіздік күштері оппозициялық топпен қақтығысты.

Оппозициялық вебсайттың жазуынша, қақтығыс Исфахандағы реформашыл діндар Аятолла Жалаледин Тахери бастаған аза тұтушылар мешітке жинала бастағанда орын алды.

Ирандық күштер еске алу шарасы өтетін Сейед мешітін қоршап алып, аза тұтушылардың біразын қамауға алған.

Осыдан екі бұрын Қом қаласында өткен Монтазериді жерлеу рәсімі кезінде үкіметке қарсы үлкен шерулер болды.

1979 жылғы Иран төңкерісінің негізін қалаған Монтазери кейін билікті ашық сынағаны үшін үйқамаққа алынған диссидентке айналды.
XS
SM
MD
LG