Accessibility links

Освенцим жазуын ұрлаған күдікті сотқа дейін 3 ай түрмеде болады


Освенцим лагерінің қақпасындағы "Arbeit macht frei" Еңбек еркіндікке жеткізеді деген жазуды ұрлаған күдікті сот басталғанға дейін үш айдай уақыт қамауда болады.

Краковтағы Польша сотының өкілі мәлімдегендей, өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отырған Марчин. А деген күдікті осыған дейін ол туралы куәлік берген күдікті сияқты қамалып отыр.

Польша сотының өкілі Марчин куә болатын дәлелдерді жасырып қалуға тырысуы мүмкін деген қауіппен осындай шешім шығарған.

Айып тағылған 20 мен 39 жас аралығындағы күдіктілер 10 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG