Accessibility links

Қытай билігінен әйгілі диссидентті босатуын талап етті


Еуропалық Одақ және АҚШ қытай билігінен әйгілі диссидент Лю Сяобоны бостандыққа жіберуін талап етті.

Сәрсенбі күні Пекинде оған қарсы жабық сот өтті. Ондаған батыс дипломаттары сотқа жіберілген жоқ. Диссиденттің адвокаты үкім жұма күні шығарылатындығын хабарлады.

Лю Сяобо Қытайдағы социалистік жүйені құлату үшін арандатушылық жүргізген деген күдікпен биыл маусым айында ұсталған болатын.

1989 жылы Тяньаньмэнь алаңында студенттердің наразылық шерулеріне қатысушы Лю ғалым және үкіметтің белсенді сыншысы ретінде танымал.

Бұған дейін Лю адам құқығын қорғаушылардың демократия мен азаматтық қоғамның сақталуын Қытай билігінен талап еткен мәлімдемесі - «Хартия 08» жарыққа шығардан бір күн бұрын, 2008 жылы желтоқсанда ұсталып, үй қамауына жабылған еді.
XS
SM
MD
LG