Accessibility links

Йеменде Әл-Қаиданың 30 содыры өлтірілді деп хабарланды


Йеменде әуе соққысынан Әл-Қаиданың 30 содыры өлтірілді деп мәлімдеді қауіпсіздік қызметінің өкілі.

Хабарларға қарағанда, әуе соққысы елдің шығысындағы Шабва провинциясында жүзеге асырылған. Содырлар бұл ауданға Әл-Қаиданың араб шығанағындағы екі басшысымен кездесуге жиналған.

Соңғы апталарда Йемен Әл-Қаидаға қарсы бағытталған науқанын күшейтті. Сондай-ақ бұл елдің солтүстігінде шииттердің бас көтерулері, ал оңтүстігінде жікшіл топтардың зорлық әрекеттері көбейді.
XS
SM
MD
LG