Accessibility links

Қырғыз журналисі Павлюк Қара-Ой ауылында жерленді


Қырғызстан халқы бейсенбі күні Геннадий Павлюкпен қоштасты, журналист Ыстықкөл облысының Қара-Ой ауылына жерленді деп хабарлады Азаттық радиосы.

Қоштасу рәсіміне мемлекеттік қызметкер Асқар Айтматов, «Ата Мекен» партиясының басшысы Өмүрбек Текебаев және марқұмның туған-туыстары қатысты.

Павлюк Алматыдағы ауруханалардың бірінде сейсенбі күні таңертең аса ауыр жарақаттың салдарынан ес жимастан көз жұмды. Қырғыз журналисі 16 желтоқсанда Алматы қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің 6-шы қабатынан құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға түскен еді.

Журналист қырғыз оппозициялық “Ата-мекен” партиясының газеті мен жаңалық тарататын интернет басылымын осы жылдың соңына дейін шығармақшы болған.

Қазақстан полициясы журналистің биік ғимараттан құлауына қатысты қылмыстық іс қозғады және оның өміріне қастандық жасауы мүмкін күдіктілер тобын айқындағандығын хабарлады.
XS
SM
MD
LG