Accessibility links

Қырғыз парламенті жаңа спикер сайлады


Бүгін Қырғызстан парламенті Зайнидин Құрмановты спикер етіп сайлады.

54 жастағы Құрмановты биліктің Ақжол партиясы ұсынған. 84 депутат бірауыздан парламентте екі мерзім қатарынан қызмет еткен, академик Құрмановты қолдап дауыс берген.

Қазіргі консититуцияға сәйкес, егер президент Бакиев мемлекет басшысы ретінде қызмет ете алмаса, оның қызметін Құрманов атқара алады.

Бірақ елдің ата заңына алдағы уақытта тағы өзгерістер енгізіліп, онда келесі кезекте президенттікті алатын адам үкіметтегі бір ресми болады.
XS
SM
MD
LG