Accessibility links

Бішкектегі АҚШ елшілігі қырғыз журналистерінің қауіпсіздігіне алаңдаулы


Бүгін Қырғызстандағы Құрама Штаттар елшілігі елдегі журналистер мен саяси пікір білдірушілерді нысанаға алған бірқатар қатыгез оқиғаларға алаңдаушылық танытты.

Ол мәлімдемеде билікті сынап мақалалар жазып жүрген қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің жағдайы көтерілген.

Алматыда аяқ-қолы байланған Павлюк бір үйдің алтыншы қабатынан тасталып, одан алған ауыр жарақатынан сейсенбі күні жан тапсырды.

АҚШ елшілігі Павлюктің отбасына көңіл айтып, Қырғызстан билігін бұл шабуылдарды тезарада зерттеуге шақырды.
XS
SM
MD
LG