Accessibility links

Иранда өмірден өткен діни диссидентті еске алуға шектеу қойылды


Бүгін реформашылдардың вебсайты таратқан хабарға қарағанда, Иран билігі діни қайраткер Хоссейн Али Монтазериді жерлеу рәсімі оппозициялық шеруге ұласқан соң, елдің бірқатар аймағында оны еске алу шараларына тыйым салды.

Сәрсенбі күні қауіпсіздік күштері Исфахан провинциясының Кашан қаласындағы мешітте марқұм Монтазериді еске алу шараларына жол бермеді.

Қауіпсіздік күштері мешіттің сыртына “Монтазери үшін қандайда бір шара өткізуге Қом мен Наджафабад қалаларынан басқа жерде тыйым салынады” деген жазу іліп қойған.

Желтоқсанның 19-да өмірден өткен 87 жасар Монтазери Қом қаласында қайтыс болды. Ол Наджафабад қаласында туып-өскен.
XS
SM
MD
LG