Accessibility links

Ирақ шииттеріне қарсы шабуылдан кемінде 17 адам қаза тапты


Ирақ ресмилерінің хабарлауынша, шииттердің Ашура мерекесін атап өтуге дайындалып жатқан ғибадат етушілерге қарсы бомбалық шабуыл болып, кемінде 17 адам қаза тапса, 90 шақты кісі жараланды.

Полициясының хабарына қарағанда, бірінші бомба жарылысы Хиллах қаласында жергілікті уақытпен түскі сағат 2-де орын алды.

Екінші жарылыс бұл жерге полиция келіп жеткен 15 минуттан кейін болды.

Мыңдаған шиит Ирақтың Кербала қаласында 27-ші желтоқсанда өтетін Ашура мерекесіне жиналады.
XS
SM
MD
LG