Accessibility links

АҚШ қытай диссидентінің сотталуына алаңдаушылық білдірді


Вашингтон қытай диссиденті Лю Сяобоға үкім шығарылғанына алаңдайтындығы туралы хабарлады. АҚШ мемлекеттік департаментінің бейсенбі күні таратқан мәлімдесінде осылай деп жазылған.

Бұған қоса Ай Үй АҚШ елшілігінің және басқа да дипломатиялық кеңсе өкілдерін Люге қатысты сот процесіне қатысуға рұқсат берілмеуіне қылжылыс білдірді. Сонымен бірге, департамент мәлімдесінде «өзінің саяси көзқарасын ашық білдірген кісі соттау - Азаматтық және саяси құқық туралы пактісінің ережелерін бұзу» деп атап көрсетілді.

Осыған байланысты АҚШ Қытай билігінен Люді тез арада босатуды талап етті.

Жұма күні Қытай соты диссидент Лю Сяобоны 11 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Лю «мемлекеттік билікті құлату мақсатында арандатушылық әрекет жасаған» деп айыпталып отыр.

1989 жылы Тяньаньмэнь алаңында студенттердің наразылық шерулеріне қатысушы Лю ғалым және үкіметтің белсенді сыншысы ретінде танымал. Бұған дейін Лю адам құқығын қорғаушылардың демократия мен азаматтық қоғамның сақталуын Қытай билігінен талап еткен мәлімдемесі - «Хартия 08» жарыққа шығардан бір күн бұрын, 2008 жылы желтоқсанда ұсталып, үй қамауына жабылған еді.
XS
SM
MD
LG