Accessibility links

Ил-76 экипажын тағы 12 күн тұтқында ұстау туралы шешім қабылданды


Таиланд полициясы Ил-76 ұшағының экипажын тұтқында ұстау мерзімін тағы 12 күнге созды. Бұл туралы елдің құқық қорғау органдары жұма күні хабарлады.

12 желтоқсанда Бангкокте ұсталған Ил-76 ұшағының бортынан 35 тонна жарылғыш, реактивті граната және «жер-ауа» сипатындағы зымырандардың құралғылары табылды. Жүк Солтүстік Кореядан алынған деп хабарланды.

Ұшақ экипажының төрт мүшесі - Қазақстан азаматтары.
XS
SM
MD
LG