Accessibility links

Сеул: Солтүстік Корея үшінші мәрте ядролық сынақ өткізуі мүмкін


КХДР үшінші мәрте ядролық сынақ өткізе алады және мұның соңы болашақта Оңтүстік Кореямен арадағы шекарада қарулы қақтығыстарға ұласуы мүмкін деп хабарлады ИТАР-ТАСС. Кореяның қорғаныс зерттеулері институтының баяндамасында осындай баға берілген.

2010 жылғы жағдайлардың дамуына болжам келтірілген бұл баяндамада ресми Пхеньян өзінің ядролық бағдарламасынан бас тартпайтындығын және ядролық державаға айналу ниетін үшінші мәрте ядролық сынақ өткізу арқылы көрсетуі мүмкін делінген.
Сонымен бірге, баяндама авторлары Солтүстік Корея өзінің Солтүстік Америкаға дейін жететін құрлықаралық баллистикалық зымырандарын сынауы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

2006 жылы қазанда КХДР өзінің алғашқы жер асты ядролық сынағын өткізді. Биыл мамыр айында өткізілген екінші сынақтың жарылысы алғашқысынан бес есе күштірек болды деп бағалады Оңтүстік Корея сарапшылары.
XS
SM
MD
LG