Accessibility links

Бокс чемпионы Абдуллаевты Мәскеуде атып кетті


Тай боксының чемпионы болған Мүслім Абдуллаевты өткен түнде біреулер өлтіріп кетті. Басынан бірнеше рет атылған Абдуллаевтың денесі Мәскеудің солтүстігіндегі стадион маңынан табылды.

Ресейдің Дағыстан аймағынан шыққан Абдуллаев 2004 жылы тай боксы бойынша Еуропалық және Әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.

Полиция оны біреулер тапсырыспен өлтіруі мүмкін деп тергеуді бастағандарын айтып отыр.
XS
SM
MD
LG