Accessibility links

Қырғыз соты 4 адамды заңсыз шеру өткізгені үшін түрмеге жапты


Қырғызстанның солтүстігіндегі Балықшы қаласының соты шілде айындағы президенттік сайлау кезінде рұқсат етілмеген наразылық шарасын өткізгені үшін 4 жылға абақтыға жапты.

Шілденің 23-де бір мың адам Балықшыда жиналып, оппозициялық кандидат Алмаз Атамбаевтың қамалуына наразылық танытқан.

Полиция оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолданған.

Жұма күні Балықшыға барған Атамбаев сот шешімінің саяси астары бар дей келе, 4 жылға сотталған төртеуді босату үшін қолдан келгенін жасайтынын айтты.
XS
SM
MD
LG