Accessibility links

Қазақ киносы жайлы жазған журналистер марапатталды


Алматыда қазақ киносының дамуы туралы жазған журналистік жұмыстары үшін бірқатар ақпарат өкілдері Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм киностудиясы мен Қазақстан журналистер одағының сыйлығын алды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Шығармашылық байқаудың жеңімпаздары «Central Asia Monitor» газетінен Адольф Арцишевский, «Айқын» газетінің тілшісі Ұлбосын Айтөлен, «Известия – Казахстан» басылымынан Вера Петровская алса, қазақ киносы жайындағы телебағдарламалары үшін «Мир» телеарнасының журналисі Магомед Аслаханов, «Хабар» тілшісі Эльвира Жүргенбаева сыйлық алды.

Және де қазақ киносына арналған радиохабары үшін «NS» радиосының тілшісі Динара Тұрсынова да марапатталды. «Время» газетінің журналисі Төлеген Байтүкенов халықаралық Канн фестиваліне жолдама алған.

"Қазақфильм" киностудиясының президенті Ермек Аманшаев кино саласындағы ынтымақтастықтары үшін журналистер қауымына алғысын жеткізіп, кино өндірісіндегі алдағы жоспарларымен бөліскен.
XS
SM
MD
LG