Accessibility links

Татарстан Қорғас шекара бекетіне инвестиция салуы мүмкін


Алматы облысында бір күндік сапармен жүрген Татарстан премьер-министрі Рустам Миниханов Қорғас халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығының құрылысына инвестиция салу мүмкіндігін қарастырған.

Бұл туралы сенбі күні ҚазТАГ агенттігіне Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Миниханов сондай-ақ Қорғасқа осыған дейін татарстандық кәсіпкерлер де келгенін айтып өткен.

Сенбі күні түстен кейін Алматы қаласында сапарын жалғастыратын Татарстан премьер министрі Астанаға да ұшып барып, онда қазақстандық әріптесі Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG