Accessibility links

Қазақстанның бірқатар таулы аймағында қар көшкіні болу қаупі бар


Республикалық Қазгидромет мекемесі таулы өңірлерді тағы да қар көшкіні болу мүмкіндігін ескертеді.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарына желтоқсанның 25-нен 27-не дейін тоқтамай жауып жатқан қардың салдарынан қар көшкіні болу қаупі бар делінген ауа-райын болжаушылардың ескерту хабарламасында.

Сондай-ақ Қазгидромет орталығы халықтың қар көшкіні болуы мүмкін таулы өңірлерге баруын тоқтата тұруға шақырған.

Бұларада Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Іле Алатауы жағасындағы Үлкен Алматы өзеніне көп көлемде қар көшкіні ағып келіп қосылғанын, бірақ адам шығыны туралы мәлімет болмағанын хабарлады деп ҚазТАГ агенттігі жазып отыр.
XS
SM
MD
LG