Accessibility links

Иранда шерушілер мен полиция арасында қақтығыс болған


Ираннан келіп түскен хабарларға қарағанда, оппозициялық шерушілер мен полиция қақтығысып қалған.

Теһран орталығына шииттердің Ашура мерекесіне жиналған адамдарды тарату үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды деп оппозициялық вебсайттар жазып жатыр.

Қауіпсіздік күштерімен қақтығыс Иранның басқа да қалаларында орын алған.

Бұл ақпараттарды басқа ақпарат көздері арқылы нақтылау мүмкін болмай отыр. Өйткені Иран билігі шетелдің ақпарат өкілдеріне елдегі шерулерге қатысуға тыйым салған.
XS
SM
MD
LG