Accessibility links

АҚШ ұшақта жарылыс жасамақ болған күдіктіні тергеуге алды


Құрама Штаттар билігі Northwest Airlines әуекомпаниясының Амстердам-Детройт бағытындағы ұшағында Рождество мерекесіне байланысты террорлық акт жасалмақ болғанын нақтылап отыр.

Хабарларға қарағанда, 23 жастағы Нигерия азаматы аяғына байланған жарылғыш затты ұшақтың ішінде іске қоспақшы болған. Бірақ жарылғыш зат іске қосылмай қалған. Жанкештінің өзі қатты күйікке шалынған.

Осы оқиғадан кейін ұшақта дүрбелең басталып,бірнеше адам жарақат алған.

Омар Фарух Абдул Муталла ауруханаға жеткізілген. Ол тергеушілерге өзінің әл-Қаиданың тапсырмасымен әрекет еткенін мойындаған.

АҚШ президенті Барак Обама әуе ұшақтарында қауіпсіздік шараларын күшейтуге нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG