Accessibility links

Израиль әскері 6 палестиндік жауынгерді өлтірді


Сенбі күні таңертең Израиль әскері Палестина аймағындағы 6 жауынгерді өлтірді. Израиль армиясының өкілі мәлімдегендей, Израиль жағына өтпекші болған үш жауынгер Газа қаласында өлтірілді.

Тағы үшеуі Иорданның Батыс жағалауында өлтірілді. Хабарларға қарағанда, бұл аймақтағы радикалды Әл-Ақсаның жауынгерлер тобына қарсы арнайы операция жүргізілген.

Фатх ұйымына кіретін бұл топ бейсенбі күні еврейлер қоныстанған аймақ тұрғынының өліміне жауапкершілікті алған.

Бұл осы жылы қаңтар айында Израилдің Газа қаласына әскери соққысынан бері орын алған екі елдің арасындағы айтарлықтай қақтығыстардың бірі болып отыр.
XS
SM
MD
LG