Accessibility links

НАТО: Мешіттегі атыста талибан қолбасшысы қаза тапты


НАТО әскерилерінің хабарлауынша, ауғандық қауіпсіздік күштері елдің шығысындағы мешітте орын алған атыста талибан қолбасшысын атып өлтірді.

Хабарларға қарағанда, ауыр қаруланған талибан қолбасшысы Ауған әскерилерінен қашып құтылу үшін Вардақ провинциясындағы мешіттің ішіне тығылған. Ол мешіттің ішінен оқ ата бастаған соң, оны ауған күштері атып тастаған.

НАТО әскерінің сенбі күні таратқан мәлімдемесінде, Ауғанстандағы бүлікшілер үнемі мешіттен қорғаныс іздеуге тырысады, бірақ ауғандық және халықаралық күштер оның ішінде не маңында қақтығыс болдырмау үшін қолдан келгенін жасайды делінген.
XS
SM
MD
LG