Accessibility links

Үндістанда көпір құлағанда 40-тан аса кісі суға кеткен


Үндістанның батысындағы құлаған көпірде болған 40-тан аса адам қаза болуы мүмкін.

Полицияның айтуынша, көпірді жөндеп жатқанда болған бейсенбі күнгі апаттан суға кеткен 12 адамның ғана мәйітін құтқарушылар тапты.

30 шақты адамның денесі әлі табылмады. Іздеу шаралары жалғасып жатыр.

Апат Райджастхан штатының астанасы Джайпур қаласынан 270 шақырымдай жерде орын алды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG