Accessibility links

Совет одағының Ауғанстанға басқыншылығына 30 жыл толды


Бүгін Ауғанстанның президенттік сарайын совет күштерінің басып алғанына 30 жыл толды. 1979 жылдың 27-ші желтоқсанында Совет одағының арнайы күштері Кабул қаласындағы президенттік сарайға басып кіріп, коммунистік президент Хафизулла Амин мен оның отбасы мүшелерін өлтірген.

Келесі күні Бабрак Кармал Совет одағының қолдауындағы бұл елдің жетекшісі болып жарияланды.
Совет одағының Ауғанстандағы моджахедтермен соғысы 10 жылдай уақытқа созылды. Оның барасында 1 миллионнан аса ауғандық және 15 мың совет әскері құрбан болды.

Совет күштері Ауғанстаннан 1989 жылдың ақпанына шыға бастады. Совет армиясының қатарында болған 22 мың қазақстандықтың 900-ден астамы Ауғанстанда қаза тапты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG