Accessibility links

Өзбекстан халқының 80 пайыздан астамы сайлауға қатысқан


Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы бүгінгі парламенттік сайлауларға өте көп адам қатысты деп мәлімдеді. Олардың айтуынша, жергілікті уақытпен сағат 16-да 80 пайыз дауыс берілген.

Өзбекстандағы дауыс беру құқы бар 17 млн адам парламенттің 150 орындық төменгі палатасына депутаттар сайлады.

Сайлауға президент Ислам Каримовты қолдайтын 4 партия түсті. Сонымен қатар парламенттегі 15 орын елдегі Экологиялық қозғалысқа берілген. Бұлардың бәрі 20 жыл билікте отырған президент Каримовты ешқашан қоғам алдында сынамаған.

Өзбекстанда ресми тіркелген оппозициялық партия жоқ.

ЕҚЫҰ өзінің бақылаушыларын сайлауды бақылауға жібермеді. Аталмыш ұйым осыған дейін ресми Ташкент өздерінің ешбір ұсыныстарын орындамады деп Өзбекстанға барудан бас тартты.
XS
SM
MD
LG