Accessibility links

Теһрандағы шерулерде адам шығыны болуда


Жексенбі күні Теһранда қауіпсіздік күштері мен үкіметке қарсы мыңдаған шерушілер арасында болған қанды қақтығыстан 4 адам қаза тапты.

Оппозицияны қолдаушылардың шеруіне қарсы қауіпсіздік күштері күш қолданып, кемінде 4 адам қаза тапты, көптеген адам жарақаттар алды деп хабарланды.

Теһрандағы адам құқын қорғаушы белсенді Азаттық радиосына хабарласып, полициясының қолшоқпармен соғуынан шамамен 4 шеруші қаза тапты деді. Ел полициясы адам өлімі болды дегенді жоққа шығаруда.

Теһранда екінші күн оппозицияны қолдаушылардың үкіметке қарсы шерулері өтіп жатыр. Олар диктаторлық режимге қарсы ұрандар айтты.

Иран оппозициясы шииттердің Ашура мерекесін пайдаланып, үкіметке қарсы наразылықтарын тағы танытып отыр.

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG