Accessibility links

Хорватияның президенттік сайлауына адам аз қатысты


Жексенбі күні Хорватияда президенттік сайлау басталғаннан бастап, алғашқы төрт сағатты жиналған дауыс берушілердің саны өте аз болды.

Сайлау комиссиясының айтуынша, дауыс беру құқы бар 4,5 млн адамның тек 10,7 пайызы ғана сайлауға қатысты. Сайлау учаскелері жергілік уақытпен кешкі сағат 19,00-де жабылады.

Хорватияның президенттік сайлауына барлығы 12 кандидат түсіп отыр.

Бүгінгі дауыс берулердің көрсеткіші төмен болғандықтан, сайлаудың екінші сатысы қаңтардың 10-да өтеді деп күтілген. Бірақ сауалнамалар қорытындысы додаға түскен 12 үміткердің ешқайсысы да келесі турға қатысуға қажетті 50 дауыс жинамаған.
XS
SM
MD
LG