Теһрандағы шерулерде қаза тапқандар арасында Иран оппозициясының жетекшісі Мир Хоссейн Мусавидің немере інісі де бар.
Реформашыл вебсайттардың жазуынша, Теһрандағы мыңдаған оппозиция жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстан қаза болған Али Мусавидің мәйіті ауруханада ұсталып отыр.
Бұл туралы Мусавидің жақын одақтасы Фарда радиосына хабарлады.
Осыған дейін жексенбі күнгі бұл наразылық шараларында 4 шеруші қаза тапты деп оппозициялық вебсайттар оқиға орнында болғандардың ақпаратына сүйеніп жазған.
Теһрандағы адам құқын қорғаушы белсенді Азаттық радиосына хабарласып, полицияның қолшоқпармен соғуынан шамамен 4 шеруші қаза тапты деді. Ел полициясы адам өлімі болды дегенді жоққа шығаруда.