Accessibility links

Батыс Қазақстан облысында мыңдаған адам жарықсыз қалды


Орал қаласының және оған жақын маңдағы бірқатар аудандардың 7 мыңнан астам тұрғыны бір тәулікке жуық уақыт бойы жарықсыз отырды.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің хабарлауынша, аймақтағы электр желілері мен аппараттары 27 желтоқсанда істен шыққан. Ақау келесі күні жөнделді. Алайда Тасқала ауданына қарасты Достық ауылы әлі де жарықсыз отыр.
XS
SM
MD
LG